Шетелдік азаматтардың балалары МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады? - Амбулаторный центр г. Усть-Каменогорск

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар үшін маңызды ақпарат.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру құқығы

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес:

  • «Бала» жеңілдетілген санатына жататын тұлғалар үшін МӘМС жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет тарапынан төленеді (26-баптың 1-тармағы).

  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарға ие және міндеттерді тең дәрежеде атқарады (2-баптың 2-тармағы).

Ата-аналар нені білуі қажет?

Ата-анасының тұрақты тұруға ықтиярхатының болуы және баланың қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлігін алуы баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азамат мәртебесін автоматты түрде иеленуін білдірмейді.

Сондай-ақ бұл тиісті мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерге автоматты түрде берілуін қамтамасыз етпейді.

Баланы МӘМС жүйесіндегі «Бала» жеңілдетілген санатына қалай енгізуге болады?

Ол үшін:

  1. Тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығындағы (ХҚКО) көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну қажет.

  2. Балаға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу қажет.

Құрметті ата-аналар! Балаңыздың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеуге көңіл бөліңіздер.

Ақпарат көзі: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Часы работы
Будни:
7:00 – 18:00
Суббота:
8:00 – 13:00
Воскресенье:
Закрыто

Номер государственной лицензии на осуществление медицинской деятельности 000303.Дата выдачи 27.06.2000 год.